«Локомотив - 2030» ЖШС

«Локомотив - 2030» ЖШС

«Локомотив – 2030» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Павлодар – Астана теліміне қызмет көрсетумен ҚР магистралдық теміржол жүйелерінде қызмет көрсету құқығына ие Локомотив күші операторларының бірі ретінде Екібастұз және Ерейментау станцияларындағы екі пайдаланушылық локомотив депосы жанынан 2005 жылы құрылған болатын.

«Локомотив - 2030» ЖШС

«Локомотив - 2030» ЖШС

«Локомотив – 2030» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Павлодар – Астана теліміне қызмет көрсетумен ҚР магистралдық теміржол жүйелерінде қызмет көрсету құқығына ие Локомотив күші операторларының бірі ретінде Екібастұз және Ерейментау станцияларындағы екі пайдаланушылық локомотив депосы жанынан 2005 жылы құрылған болатын.

«Локомотив - 2030» ЖШС

«Локомотив - 2030» ЖШС

«Локомотив – 2030» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Павлодар – Астана теліміне қызмет көрсетумен ҚР магистралдық теміржол жүйелерінде қызмет көрсету құқығына ие Локомотив күші операторларының бірі ретінде Екібастұз және Ерейментау станцияларындағы екі пайдаланушылық локомотив депосы жанынан 2005 жылы құрылған болатын.

Компания туралы

Компания жайында:

«Локомотив – 2030» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Павлодар – Астана теліміне қызмет көрсетумен ҚР магистралдық теміржол жүйелерінде қызмет көрсету құқығына ие Локомотив күші операторларының бірі ретінде Екібастұз және Ерейментау станцияларындағы екі пайдаланушылық локомотив депосы жанынан 2005 жылы құрылған болатын. Бүгінгі күні Серіктестік Локомотив күшінің операторы бола отырып, ҚР МТЖ бекітілген телімдерінде локомотив күшінің қызметтерін ұсынады.

Қызмет аясыТеміржол көлігі.

«Локомотив – 2030» ЖШС қызметінің негізгі түрлері:

- жүк, маневрлік және шрауашылық қозғалыстарда тепловоз күшінің қызметтерін ұсыну;

- шаруашылық қозғалыста электровоз күшінің қызметтерін ұсыну;

- көліктік-экспедиторлық қызметтер;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарында пойыздар қозғалысын ұйымдастыру.

Бүгінгі күні «Локомотив – 2030» ЖШС-нің құрамына 1 филиал – Серіктестіктің желілік кәсіпорны болып табылатын «Ерейментау локомотив депосы» кіреді.

Қызмет көрсетілетін телімдер – Астана – Екібастұз, Ерейментау – Айсары.

Локомотивтердің инвентарлық паркінің құрылымы:

Инвентарлық парк магистралдық тепловоздармен және электровоздармен, сонымен қатар маневрлік локомотивтермен ұсынылып отыр. Пайдаланылатын локомотивтердің негізгі түрлері:

- 2ТЭ10 тепловоздары;

- ВЛ40М электровоздары («Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» жағдайларындағы үлгілендірілген электровоздар);

- СКД-6е және ТЭМKZ маневрлік тепловоздары («Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – «Шу локомотив жөндеу зауыты» ЖШС жағдайларында жиналған).

Кадрлық саясат:

Бас директордан бастап машинис көмекшісіне дейін жұмысқа қабылдау «Қамқор Менеджмент» ЖШС және «ҚТЖ» ҰК» АҚ білікті кадрларының арасындағы конкурстық іріктеу негізінде жүзеге асырылады.

Бұнымен қатар, Серіктестік жас қызметкерлермен жұмыс жүргізіп, кәсіпорын есебінен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның мамандандырылған оқу орындарында локомотив машинистері жас көмекшілерінің локомотив машинистеріне, тәжірибелі жас машинистерінің санаттылықты арттыру оқуларын ұсынады.

Серіктестіктің басшылығы теміржол көлігіндегі қызмет пен жұмыстың аталмыш түрлерін басқаруда көпжылдық тәжірибеге ие.

Менеджменттің біріктірілген жүйесі:

2008 жылдан бастап кәсіпорын басында ЕА (Еуропалық тіркеу қауымдастығы) және IAF (Халықаралық тіркеу форумы) мүшесі болып табылатын Польшаның тіркеу органында тіркелген Сертификаттау жөніндегі халықаралық органның СТ РК ИСО 9001 СМК сапа менеджментінің жүйесі енгізіліп, ISO 9001–2008 (СТ РК ISO 9001–2009) «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар» сәйкестігіне сертификатталды.

Қазіргі таңда кәсіпорында СТ РК OHSAS 18001–2008 «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйесі. Талаптар» жүйесін енгізу жөніндегі жұмыстары жүргізілуде.

Құрылғаннан бастап және осы уақытқа дейін «Локомотив – 2030» ЖШС теміржол және өнеркәсіптік өндіріс салаларында жұмыс жүргізетін көптеген ірі кәсіпорындармен ортақ жұмыстың үлкен тәжірибесі мен тұрақты іскерлік қарым-қатынастарды жинаған қызметін тұрақты жүргізетін кәсіпорын ретінде көрсетіп отыр.

Мекенжайы:

Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,  Қонаев  к-сі, 12/1

Қабылдау бөлмесінің анықтау телефоны: 8(7172) 68-98-36

Факс: 8(7172) 68-98-35

E-mail: locomotiv-2030@mail.ru

Басшылығы

Бас директор – Кучербаев Нурлан Юрьевич

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары – Жаркинбеков Қуандық Абдухамитұлы

Даму жөніндегі басқарушы директор – Кулиманов Асхат Асаинұлы

Экономика және қаржы жөніндегі

басқарушы директор – Турусбеков Ерлан Қанатұлы

Бас бухгалтер - Кенжебаев Болат Жаңабайұлы

Серіктестер:

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

«Локомотив» АҚ

«Арселлор Миттал Темиртау» АҚ

«Теміржол жөндеу» ЖШС

«Қамқор Локомотив» ЖШС

«Central Asia Protrans» ЖШС

«Теміржолэнерго» ЖШС

«ТМЗ – Сервис Казахстан» ЖШС

«Гамма – Т» ЖШС

«КМ – Tranco» ЖШС

«Отын-көліктік компания» ЖШС

«Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ

Филиал:

«Ерейментау локомотив депосы»

Директор – Сариев Асылбек Тұрсынбекұлы

Директор орынбасарының міндеттерін атқарушы – Абдилов Жанат Епкенұлы

Қызметтер

Жүк, маневрлік және шаруашылық қозғалыста локомотив (тепловоз және электровоз) күшімен қамтамасыз ету.

Теміржол көлігіндегі көліктік-экспедиторлық қызметтер.

Маңызды оқиғалар:

«Локомотив-2030» ЖШС «Қамқор Менеджмент» ЖШС компаниялар тобының арасында үлкен көлемдегі дизель отынының тұтынушысы болып табылады. Аталмыш кәсіпорынның үлесіне «Қамқор Менеджмент» ЖШС бойынша дизель отыны жалпы шығындарының шамамен 40 пайызы тиесілі. Сол секбепті де, электр қуатын үнемдеу сұрақтары Серіктестік үшін өте өзекті болып отырса керек.

Электр қуатын үнемдеу жүйесін енгізу аясында 2015 жылдың соңында Серіктестікпен қолдағы локомотивтерге GPS Мониторингісі атты дизель отынының шығындарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату жөніндегі шешім қабылданған болатын.

2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың қаңтары аралығында Серіктестіктің локомотивтеріне GPS Мониторингісі атты дизель отынының шығындарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін орнату жөніндегі жұмыстар сәтті жүргізілді. Серіктестіктің тепловоздарына аталмыш өнімді, оны орнату мен біріктіруге қатысты қызметтердің жеткізушісі «Alpina Technologies Kazakhstan» ЖШС болып табылады. GPS Мониторингісі жүйесі отын деңгейінің құрылғыларынан, GPS-Трекерлерінен және мәліметтерді сақтаудың орталықтандырылған серверінен құралған. Мәліметтер орнатылған құрылғылардан жүйе бойынша GPS-Трекерлеріне түсіп, бұдан әрі ұялы телефонының желісі бойынша http://gps.kazgps.kz сайтында онлайн тәртібінде көрсетіледі, сонымен қатар Қызметтер жеткізушісінде орналасатын мәліметтерді сақтаудың орталықтандырылған серверіне түседі.

Жинақталған статистика жанындағы мәліметтер кезекті есептік мерзімдерге дизель отынының шығындарын тиімді жоспарлау, бөлек локомотив және жалпы кәсіпорын деңгейінде локомотивтердің нақты жүрісі бойынша жөндеу жұмыстарының бағдарламасын болжау мүмкіндігін береді.

Локомотивтер жұмысының қажетті параметрлерін есептеу нақты уақыт тәртібінде толассыз жүзеге асырылып отырады. Барлық мәліметтер онлайн тәртібінде және жазылған түрінде қарастыру мүмкіндігімен геоақпараттық картамен «байланады». Жүйе GPS-Трекерлерімен тіркелетін мәліметтердің негізінде локомотивтердің пайдалы жұмысы мен дизель отынының шығындары бойынша ақпаратты жинауға қабілетті.

GPS Мониторингісін енгізу локомотивтердің пайдаланушылық шығындарын төмендету мүмкіндігін береді. Ал бұл ҚР МТЖ және меншікті өнеркәсіптік теміржол кірме жолдарында локомотив күші қызметтерінің нарығында Серіктестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Тепловоздарды пайдаланудың аталмыш кезеңінде-ақ дизель отынын үнемдеу бойынша нақты жетістіктер жайлы сөз қозғауға болады. Мысалы, 2016 жылдың 2 айында 1 локомотив сағатқа дизель отынының шығыны 2015 жылдың 2 айымен салыстырғанда 15%-ға және 2014 жылдың 2 айымен салыстырғанда 25%-ға қысқарған.

Аталмыш мысал экономикалық тиімділік өндірістік процесске бұдан да озат және инновациялық технологияларды енгізумен тікелей байланысты. Дағдарысқа қарсы іс-шаралар және кәсіпорынды дағдарыс жағдайларында дамыту шеңберінде инновациялық жобалар мен технологиялар, автоматтандырылған жүйелер мен оларды өндірістік-технологиялық процесстерге енгізу салмақты рөл атқарады. Сондықтан да, Серіктестік инновациялық жобалар мен технологияларды әзірлеу және оларды локомотив шаруашылығына біріктіру бойынша мүдделі компаниялармен өзаратиімді қызметтестікке қатысты жұмысты бұдан әрі жалғастыру ниетін білдіріп отыр.

Бұнымен қатар, Серіктестік ұсынылатын қызметтердің спектрін кеңейте отырып, ҚР МТЖ және меншікті өнеркәсіптік теміржол кірме жолдарында көліктік-экспедиторлық қызметтерді ұсынуға толығымен дайын.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның құрылымдық бөлімшелерімен тығыз кәсіптік өзара қарым-қатынастар аталмыш қызметті ұсынуда Серіктестіктің артықшылығы болып табылады. Қызметтерді ұсыну конкурстық іріктеуден өткен және теміржол көлігінің саласында кәсіпқойлар болып табылатын қызметтің аталмыш түрінде тәжірибелі мамандармен ұйымдастырылатын болмақ.