Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Қазақстан Президентінің жолдауы: 1 орында – Тұрмыс сапасы!

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының барлық өндірістік бөлімшелерінде, сонымен қатар, орталық аппаратта мәслихат депутаттарының, «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің, «Қамқор Магистраль» салалық кәсіподағының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президентінің – «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» жолдауын түсіндіру бойынша отырыстар болып өтті.

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы мемлекет басшысының мәні жағынан ауқымды бастамаларын анықтайды, олардың басты басымдығы адамға қамқорлық, оның әл-ауқаты және өмір сүру сапасы болып табылады.

«5 жыл уақыт ішінде білім беру, ғылым және денсаулық сақтауға барлық көздерден шығында ЖІӨ-нің 10% дейін жеткізу қажет» - бұл білім беру және медициналық қызметтердің сапасы мен деңгейін сөзсіз арттырады! Қол жетімді баспана, тұрғын үй құрылысы және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу – бұл бағытта көптеген маңызды міндеттер белгіленген!

Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыруға, нақты экономиканы дамытудағы және ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі қаржы секторының рөлін күшейтуге ерекше назар аударылған. Осы аталғандар және басқа да жағдайларды өзіміздің еңбек ұжымымызға жеткіздік, себебі, Жолдаудың жалпыға ортақ сипаты біздің әрқайсысымыздың Қазақстанды ауқымды әлеуметтік жаңғыртуға белсенді қатысуымызды талап етіп отыр», - деп атап айтты компаниялар тобының Бас директоры Диас Сулейменов.

Елбасы белгілеген міндеттерді орындау барысында «... Елді өңірлік дамытудың жаңа тәсілдерін енгізуді қамтамасыз ету керек ...» екенін айтып кеткен жөн, «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы Қазақстан Республикасының жаңа көлік дәліздерін құруға айтарлықтай үлес қосты, бұл – Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара, Шалқар-Бейнеу, Алматы –Шу бағыттарындағы 1000 шақырымға жуық темір жол желілерінің құрылысы. Осы аталған барлық учаскелер бойынша әлеуметтік объектілер іске қосылған, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы дами бастаған!

Республикалық маңызы бар «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары толық қарқынмен жүргізіліп отыр.

Компанияның локомотивтер, жүк вагондары, отын қоймалары және т.б. жөндеу және сервистік қызмет көрсету жөніндегі өндірістік бөлімшелері орналасқан елді мекендерінің тізімі – Атбасар, Ағадыр, Аякөз, Шар, Шу, Қазалы, Мақат, Сексеуіл, Шалқар, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Тараз елді мекендерімен шектеліп қалмайды.

Барлық аймақтарда әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға баса назар аударылады. Барлық кәсіпорындарда еңбек шарттары мен қауіпсіздігін жақсарту шаралары жүзеге асырылады, осы мақсатта жыл сайын 1,2 млрд теңге жұмсалса, біліктілікті арттыруға – 150 млн теңге жұмсалады.

Әлеуметтік-білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асырылып отыр, оның нәтижесінде Компанияның өндірістік кәсіпорындарының  жас және болашағы зор жұмыскерлері Компания қаражаты есебінен жоғары және орта-арнаулы оқу орындарында білім алады. Аталған бағдарлама бойынша 70 өндірістік жұмыскер білім алған, Компания оларды оқыту үшін 165 млн теңге қаражат жұмсаған. Ал қолданыстағы Ұжымдық келісім-шарт талаптары 100% орындалып отыр, ағымдағы жылы бұл – 400 млн теңгені құраған, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған қаражаттың жыл сайын 20% кем емес мөлшерде артуы қарастырылған.

Компания жыл сайын негізгі қаражатқа 3 млрд теңгеден астам инвестиция салады – темір жол және автокөлік жолдарының құрылысы бойынша техника жаңартылады, сервистік орталықтар және вагон жөндеу деполары жаңарып, тұрақты түрде депоның білдек паркі жаңартылады.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС басшылығының бастамасы бойынша аймақтарда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Сексеуіл п. әкімдігіне орта мектеп, аурухана, бала бақша, спорт мектебі, интернат, кітапхана және жедел жәрдем станциясын жылыту үшін 8 заманауи қазандық қондырғысы  қайтарымсыз негізде табысталған.

Осылайша, Компания Елбасының аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақстан халқының әл-ауқатының артуы және республиканың экономикалық дамуының деңгейін арттыратын Елбасының жаңа реформалары мен бастамаларын қолдау мен жүзеге асыруға дайын екенін көрсетіп отыр.



← Бөлiмге өту