Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Қамқор Локомотив» ЖШС өзінің серіктестері үшін көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуді жалғастыруда

«Қамқор Локомотив» ЖШС өзінің серіктестері үшін көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуді жалғастыруда.

2018 жылдың 19 қазан күні «Қамқор Локомотив» «GE Transportation» өкілдерімен бірлесіп Астана ЛЖД базасының негізінде «SKODA» компаниясымен кездесуді өткізді, ол кездесуге компанияның клиенттермен жұмыс бойынша Директоры Vaclav Ruzicka мен сүйрегіш қозғалтқыштарға қызмет көрсету жөніндегі менеджер Karel Nejdi қатысты. Кездесу тақырыбы ретінде жолаушылар қозғалысының ТЭП33А сериясындағы тепловоздарының доңғалақтар жұбының жөнделуін ұйымдастыру және серіктестік әрекеті тағайындалды.

Кездесу барысында «Қамқор Локомотив» жағынан тепловоздардың доңғалақтар жұбын жасау үшін берілген ортада көп жылдық тәжірибесі және «GEТ» компаниясынан ТЭ33А тепловоздарының доңғалақтар жұбының жөндеуін жасауға халықаралық деңгейдегі куәлігі бар Шарскийлік локомотив жөндеу депосының өндірістік қуаттылықтары ұсынылды.

Бүгінгі күнде Шар ЛЖД-да «GEТ» компаниясынан алынған техникалық құжаттамаға сәйкес ТЭП33А тепловоздарының доңғалақтық жұбын жөндеудің технологиялық процесін әзірлеу бойынша жұмыстар басталды



← Бөлiмге өту