Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Қамқор Локомотив» ЖШС жетілдірілген 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарға күрделі жөндеу бағдарламасын аяқтады

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Ақтөбе Бас сервис орталығы 2ТЭ10МК №0998 сериялы локомотивтердің СО- 7 циклі бойынша сервистік қызмет көрсетуді орындау аяқталды. Осылайша, «Қамқор Локомотив» ЖШС «ҚТЖ Жүк тасымалдары» АҚ алдындағы сервистік қызмет көрсетудің ұзақ мерзімді шартының аясында жөндеудің осы түрі бойынша өз міндеттемелерін орындады.

2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шарттың қолданылу кезеңінде «Қамқор Локомотив» ЖШС 194 жетілдірілген 2ТЭ10МК сериялы тепловоздарға күрделі жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеу жүргізу кезеңінде Ақтөбе БСО Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет ұйымдастырылды және игерілді:
- 7FDL12 дизель үлгідегі күрделі жөндеу учаскесі. Осы мақсатта 2011 жылы 7FDL12 дизельдерді күрделі жөндеу жүргізу құқығын растайтын халықаралық деңгейдегі «Дженерал Электрик» компаниясынан сертификаты алынды. Өткен кезеңде 7FDL12 дизельдерін күрделі жөндеу, оның ішінде Моңғолия, Якутия, Қытай, Польшаның шетелдік темір жол әкімшіліктері үшін өткізілді.
- қосалқы тораптар мен жабдықтар жөндеу учаскесі.
Жинақталған тәжірибе нәтижесінде Ақтөбе БСО ұжымы 2019 жылы жөндеудің жаңа түрін–ТЭ33А «Evolution» тепловозын күрделі жөндеуді игеруге дайын, саны-25 бірлік.   


← Бөлiмге өту