Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Конференция: «Вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету: әріптестік және мүмкіндіктер»

22 қараша 2018 жылы «Қамқор Менеджмент» холдингтің бастамасы бойынша Бас директоры Диас Сүлейменов атынан, Конференция ұйымдастырылған: «Вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету: әріптестік және мүмкіндіктер». Конференция «Қамқор Вагон» ЖШС – «Қарағанды вагон жөндеу депосы» филиалының базасында табысты өтті.

«Қамқор Вагон» ЖШС - Қазақстандағы ірі вагон жөндеу кәсіпорыны, сол мақсатта Конференция жүк және жылжымалы құрамға жөндеу және техникалық қызмет көрсету сапасы мен тиімділігін арттыру мәселесінде ашық және сындарлы диалог құру үшін маңызды алаңы болып табылады.

Нәтижелі диалог қатысушылары Қазақстан Республикасы вагон паркінің операторлары мен меншік иелерінің 40-тан астам компаниялары, басшылар және мамандар «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, «Қамқор Менеджмент» ЖШС, «Қамқор Менеджмент» ЖШС еншілес ұйымдары, отандық тауар өндірушілер қатысты.

Іс-шара бәсекелес нарығы жағдайында вагондарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметінің барлық қатысушылары арасында әріптестік қарым-қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында вагондардың жүк паркінің меншік иелерімен және операторларымен ынтымақтастықты дамыту аясында өткізілді.

Ресми бөлігі алдында,  конференцияға келген қонақтар Қарағанды депосының цехына барды,  осы жылы өндірістік ғимараттар қайта жаңғыртылып, сыртқы қоршау конструкцияларына жылу санациялық жұмыстары, ғимараттардың жылу-техникалық сипаттамаларын арттыру, отын-энергетикалық ресурстар шығыстарын оңтайландыру, жүргізілген энергия аудиті талаптарын орындау мақсатымен жүргізілген. Сондай-ақ конференция қатысушылары көрмені аралады, «Қамқор Вагон» ЖШС өздері дайындаған тораптар мен бөлшектердің үлгілері мен отандық тауар өндірушілердің өнімі ұсынылды.

Конференция барысында техникалық қызмет көрсету және жүк вагондарын жөндеудің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасалды, сондай-ақ 4 наурыз 2016 жылы Астана қ. өткен «Сапалы жөндеу-сенімділікте пайдалану» конференция ұсынымдарын орындау нәтижелері қаралды.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС Бас директоры Диас Сүлейменов Конференция қатысушыларымен амандасып, «Қамқор Вагонның» елеулі жетістіктерін атап өтті, ол жүк вагондары барлық түрлерінің мен олардың қосалқы бөлшектерін жөндеу бойынша қызметтердің толық кешенін көрсетеді және жүк вагондарын жөндеу бойынша нарықтағы көшбасшылардың бірі болып табылады, кәсіпорынның үлесі қызметтердің Республикалық көлемінің шамамен 30%-ын алады.

Вагон жөндеу кәсіпорындары –  «Қамқор Вагон» филиалдары темір жол саласы үшін жұмыстар, қызметтер және тауарлардың нарығында  үлкен тәжірибесі мол,  жүк вагондарын жөндеудің қазіргі заманауи технологияларын қолдану және білікті қызметкердің болуымен өз саласында үздік мәртебесін алды.

«Қамқор Вагонның» барлық деполарында ұлттық және сертификатталған халықаралық органдармен менеджменті жүйесі енгізіліп, жұмыс істейді. Ұзақ уақыт бойы кәсіпорын «үлкен төрттікпен» көрсетіледі. Қазіргі уақытта жоспарланып отыр, IPO-ға шығуға белсенді жұмысы жүргізілуде.

Үш кәсіпорын жоғары жүк көтергіштігімен және «ТВСЗ» АҚ жаңа модификацияларының вагондарына сервистік қызмет көрсету  өткізу құқығына аттестатталған және білікке түсетін 23,5; 25 т жүктемемен 18-9810, 18-9855 модельдер (Barber S-2-R) инновациялық арбаларға қызмет көрсету бойынша сервистік желіге кіреді.

68 мың жүк вагоны «Қамқор Вагон» ЖШС бес жылдық өндірістік қызметінде  күрделі, деполық және ағымдағы жөндеуден өтті, бұл ретте жөндеудің жыл сайынғы көлемінің өсуі кем дегенде 10% құрайды. Мәселен, 2013 жылы барлығы 10 295 вагон, 2017 жылы - 15 611 вагон жөндеуден өткізілген. Дөңгелек жұптарын жөндеу бойынша  өндірістік қуаты жыл сайын 20-25 мыңды құрайды, соңғы 5 жылда 102 500 дөңгелек жұптарына жөндеу жүргізілген.

2016 жылдан бастап Серіктестік филиалдары инновациялық вагондардың 12 - 9920 және 12-9941 модельдерінің және олардың тораптарына деполық жөндеу жүргізеді. 2018 жылдан бастап үлкен қажеттілікпен жартылай вагондар тасымалдауға байланысты филиалдар 12 - 9920 және 12-9941 модельдерінің инновациялық вагондарына ағымдағы жөндеу жүзеге асырады.

Серіктестіктің өндірістік базаларда ағымдағы вагон жөндеудің жалпы көлемі жылдан-жылға артады. Егер 2013 жылы ТОР көлемі 1 253 вагон болса, онда 2018 жылы тек қана 10 айда 3 383 вагонға жөндеу жүргізілген. ВРД Қарағанды, Павлодар, Өскемен филиалдар аумағында бос және тиелген жүк вагондарын  ағымдағы ағытпалы жөндеу (ТОР) бойынша мамандандырылған учаскелер ашылған, ол вагондарды көтеру, дөңгелек жұптарын, арбашалар элементтері,  автотіркегіш ауыстыру механикаландыру құралдарымен жабдықталған.

«Тимкен-Рус Сервис Компани» ЖШҚ және «ЕПК-Бренко Подшипниковая компания» ЖШҚ өкілдерінің кассеталы мойынтіректерімен дөңгелек жұптарын орташа жөндеу игеру аясында SKF, Timken, Brenco таңбалы кассеталық мойынтіректердің техникалық жай-күйін бағалау және монтаждау-бөлшектеу жұмыстарын өндіріс құқығына ВРД Аякөз, Қарағанды, Павлодар және Қазалы филиалдары сәтті сертификатталды.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС барлық еншілес ұйымдарында, соның ішінде «Қамқор Вагон» ЖШС- да 1С: ERP. ақпараттық жүйесі енгізілді.

Осы жүйені енгізудің негізгі мақсаты бірыңғай ықпалдар және кірістер мен шығыстар тәртібіне есеп жүргізуді анықтау болып табылады, олардың сапасын талдау үшін жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсету, процестерді нақтылау, тиімділігін арттыру туралы шешім қабылдаумен байланысты.

 140-тан астам компаниялар клиенттік базасына кіреді, олардың арасында ірі компаниялар –жүк және темір жол тасымалы операторлары және жылжымалы құрам меншік иелері бар.

 «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талгат Канатбаев өз баяндамасында «Темір жол көлігі саласындағы техникалық саясат» тақырыбында атап өтті, мемлекетаралық стандарттау аясында 46 стандарттарды өңдеу жоспарланған, оның ішінде 19 жоба МемСТ қарауға түсті, техникалық қызмет көрсету және жүк вагондарын жөндеу бойынша 300-ге жуық нормативтік-техникалық құжат бекітілді.

 «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ  Техникалық орталығының директоры Жангельды Азамат Адилханұлы оське 25 тонна осьтік жүктемесімен жүк вагондарды пайдалану нәтижелерін көрсеткен. Алынған деректерді талдау негізінде анықтады, 25 тонна осьтік жүктемесімен жүк вагондарын пайдалану оське вагондардың жүру бағыттары бойынша темір жолды пайдалану шығындарына және толығымен  жолдың жағдайына елеулі ықпал көрсеткен жоқ.

 «ҚТЖ «Жүк тасымалы» АҚ вагон шаруашылығы департаментінің директоры Елбек Тлеуленов Қазақстан Республикасы вагон жөндеу кәсіпорындарында жүк вагондарының жөндеу сапасын атап өтті.

Сонымен қатар, конференцияда жылжымалы құрамды жөндеуді  сапалы қамтамасыз ету және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің жан-жақты мәселелерін ғана емес, жүк вагондарын пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері қызу талқыға түсті.

«Қазақстан темір жолы ҰҚӘ» АҚ техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талгат Канатбаев дөңгелек жұптарының қырларының жиі тозуына қатысты вагондардың меншік иелерінің мәселелеріне жауап берді, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы жерлердің қисық учаскелерінде локомотивтерді жабдықтау бойынша лубрикаторлармен (рельс майлағыштармен) дөңгелек жұптарының қырларының және рельс қалпақшасының тозуын азайту мақсатында «дөңгелек-рельс» комиссия жұмысы жүргізілуде.

«Drive Industry» ЖШС отандық тауар өндіруші жүк вагондарының тежегіш жабдықтары үшін бұрандасыз өнім жиынтықтарын дайындау бойынша мәселе көтерілді, осыған «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ  Техникалық орталығының директоры Жангельды Азамат бақылау пайдалануды жүргізу қажеттілігімен өндіріске қою тәртібін түсіндірді.

Конференция барысында жаңа, сондай-ақ келіп түскен вагондармен, жылжымалы құрам мен жеткізушілер меншік иелерінің бұрын пайдалануда болған қосалқы бөлшектерді ұйымдастыру, жүргізу және кіріс бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібін айқындай отырып, Қазақстан Республикасының пайдалану және вагон жөндеу деполарына түсетін қосалқы бөлшектердің және бөлшектердің кіріс бақылауының  Қазақстан Республикасындағы Үлгілік регламентін әзірлеу және бекіту туралы шешім қабылданды.  

Сондай-ақ, «Қамқор Вагон» ЖШС Бас директоры Сәкен Тулебаев акционерлік қоғам стандарттарын (АҚ СТ) немесе Қазақстан Республикасының стандарттарын (ҚР СТ) әзірлеумен темір жол әкімшілігінің деңгейінде құйылған вагон бөлшектерін жөндеуді өндіру кезінде бақылау бұзбайтын міндетті санатына феррозондты әдісін қосу қажеттігі туралы мәселе көтерілді.

2018 жылы «Ыңғайлы жұмыс орыны» бағдарламасы бойынша жұмыс орнын ұйымдастыру аясында әзірленді және пайдалану, құралдарды сақтау регламенті бекітілді, мамандандырылған өндірістік жиһаздармен жабдықтай отырып, Цехтық тарату қоймасы (ЦТҚ) ұйымдастырылған. Сакен Тулебаев атап өткендей, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру ұтымды еңбек тәсілдерін, жұмыс процестерін механикаландыру, жұмыс уақытының өндірістік емес шығындарын жою және алдыңғы қатарлы әдістерді қолдану жолымен жетуге болады.

«Қамқор Вагон» ЖШС айтулы іс-шарасы жүк вагондарын, олардың тораптары мен бөлшектерін жөндеу 2019-2021 жылдар кезеңінде мына Компаниялармен ұзақ мерзімді шарттарына қол қоюмен аяқталды: «ОЛЖА» АҚ, «Euroasia Transit Group» ЖШС («Евразия Транзит Груп, «VERTEX TRANS» ЖШС, «Эдельвейс Транс» ЖШС, «ГАММА-Т» ЖШС, «Энерготактика» ЖШС.

Аса сенімді және сенімді серіктестік қарым-қатынасты, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты атап көрсетіп, «Қамқор Менеджмент» ЖШС Компания тобының Бас директоры Диас Сулейменов 15 компанияға «Сенімді серіктес» дипломдарын табыс етті.



← Бөлiмге өту