Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Еспе б. – Шоқпар б. учаскесіндегі автожол жолөткелінің құрылысы аяқталды

«Теміржол жөндеу» ЖШС еңбек ұжымы 2019 жылды Еспе бекетіндегі автожол жолөткелінің құрылысын сәтті аяқтаумен бастады, аталған нысан «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясат шеңберіндегі «Алматы - Шу» учаскесіндегі екінші жолдар құрылысы» жобасының қорытынды бөлімі болып табылады.

Осыған дейін «Теміржол жөндеу» ЖШС үш жолөткелін: «Жезқазған-Бейнеу» жаңа теміржол желісінің «Шалқар-Бейнеу» құрылыс учаскесіндегі бір теміржол және бір автожол, «Боржақты - Ерсай» теміржол желісінің жаңа құрылыс учаскесінде бір автожол жолөткелін салып және пайдалануға бергенін айта кету керек, дегенмен, «Еспе-Шоқпар» жолөткелі пойыздардың кедергісіз қозғалысы және контактілі желінің тұрақты кернеуі жағдайында алғашқы рет салынды. Жолөткелін салу бойынша технологиялық процестерді жүзеге асыруға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пайдаланушы бөлімшелері – Шу электрмен қамту дистанциясы, Шу белгі беру және байланыс дистанциясы, Шу жол дистанциясы, Шу б. қалпына келтіретін пойызы, Жамбыл ЖББ және НЖС диспетчерлік және командалық аппараты белсенді қолдау көрсеткен. Аталған жобаға белсене қатысқан барлығына айрықша алғыс білдіреміз!



← Бөлiмге өту