Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Астана локомотив жөндеу депосында «Қамқор Локомотив» ЖШС және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының кездесуі өтті

14 қараша күні Астана локомотив жөндеу депосында «Қамқор Локомотив» ЖШС басшылығының «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қ. Әлмағамбетовпен кездесуі өтті. Локомотив пайдалану және жөндеу депосының өзара іс-қимылы бойынша өткір мәселелерді шешу қажеттілігі кездесу орнын айқындады.

Қ. Әлмағамбетов Астана ЛЖД өндірістік қуаттарымен және локомотив қосалқы бөлшектерін өндіруді одан әрі оқшаулау және сенімділігін арттыру мәселелеріндегі Қамқор Локомотив атқарымдарымен танысты.

Кездесу барысында пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және локомотив паркін ұстау, доңғалақ жұптарының бандаждарын ресурс үнемдеуді арттыру, сондай-ақ ВЛ80 сериялы электровоздардағы модификациялық жұмыстар және электр-аппараттық бөліктің сенімсіз тораптарын ауыстыру мәселелері талқыланды.

М. Әміров Қамқор Локомотив «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесе отырып рельс майлағыштардың жұмысы қайта басталғанын, бұл доңғалақ жұптарын қайрау жиілігін төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты. ЭЖЗ Атбасар ВЛ60П/К1675 электровозының базасында рельс майлағышқа техникалық қызмет көрсетуді аяқтады, ол бүгінгі күні сынақтан өтіп, пайдалануға берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды, олардың бірі Челябинск және Новосибирск қалаларында орналасқан «Трансмашхолдинг» АҚ локомотив депосына бару арқылы «РЖД» ААҚ (Ресей) ВЛ80 электровоздарын аз жаңғырту бойынша тәжірибесін зерделеу қажеттілігі болып табылады. Атбасар электровоз жөндеу зауытының күшімен электровоздарды жөндеудің ірі түрлерін жүргізу кезінде алынған тәжірибені одан әрі енгізу жоспарлануда.

← Бөлiмге өту