Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Бизнесті әртараптандыру - авиациялық-техникалық орталыққа назар аудару

28 қарашада «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының бірінші басшысы Диас Сүлейменов еңбек ұжымымен кездесіп, «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС (ҚАИ) өндірістік цехтарында жұмыстардың орындалу барысымен танысты.

«Қамқор Менеджмент» ЖШС бизнесті әртараптандыру аясында және сенімгерлік басқару шарты негізінде 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-мен бірлесіп «ҚАИ» ЖШС қызметіне қатысады.

Еңбек ұжымымен кездесу және ҚАИ өндірістік объектілеріне бару барысында өткен жылдың маңызды оқиғалары атап өтілді.

«Elbit Systems» израильдік компаниясымен жабдықты жеткізуге шарт жасалды.

ҚАИ авиациялық-техникалық орталығында ҚР Қорғаныс министрлігінің Ан-72 әскери-көлік ұшақтарының регламенттік жұмыстарын игеру аяқталды. Ұшақтар тапсырыс берушіге берілді және жоспарлы ұшуларды орындайды.

«558 авиациялық жөндеу зауыты» ААҚ-мен (Беларусь) тікелей ҚАИ авиациялық-техникалық орталығында төрт Су-25 ұшағын жаңғыртумен күрделі жөндеудің қорытынды кезеңі орындалады. Осы жобаны сәтті аяқтау ҚАИ Су-25 ұшақтарын жаңғыртумен күрделі жөндеуге жаңа тапсырыс алуға үміттенуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «558 АЖЗ» ААҚ-да күрделі жөндеудің негізгі кезеңдерін орындағаннан кейін ҚАИ мамандары Су-27УБ ұшақтарын дайындау жұмыстарына кірісті.

Қазіргі уақытта ҚАИ қатысуымен Airbus компаниясының зауыттарында екі С295М әскери-көлік ұшағына техникалық қызмет көрсету аяқталуда. Ал 2020 жылдан бастап ҚАИ Қазақстан аумағында аталған ұшақтарға регламенттелген техникалық қызмет көрсетуді орындауға кіріседі. Осы мақсатта Airbus компаниясымен тиісті келісімдер жасалды және ҚАИ өндірісін жабдықтау және оның базасында С295М ұшақтарының сервистік орталығын құру тәртібін анықтайтын жол картасы қабылданды.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ҚАИ авиациялық-техникалық орталығын дамыту бойынша, оның ішінде азаматтық авиациямен байланысты стратегиялық іс-шаралар мен жоспарлар пысықталуда.



← Бөлiмге өту