Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Теміржол Жөндеу» ЖШС жаңа стратегиялық жобаларға сәтті кіреді!

24 желтоқсанда Үкімет Үйінде ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Computer Vision Tehnologies» ЖШС, «Теміржол Жөндеу» ЖШС қазақстан компаниялары және «Far Eastern Electronic Toll Collection Co.,LTD» тайвань компаниясы кіретін Консорциум арасында инвестициялық шартына қол қойылу жүзеге асырылды.

Келісім автожол саласындағы зияткерлік жүйелерді дамытуды және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарының ұзындығын ұлғайтуды көздейді.

Шартқа сәйкес, Консорциум республикалық маңызы бар 11 мың км автомобиль жолдарына ақы алу жүйесін енгізуді жүзеге асырады. Жоба 2 кезеңде іске асырылатын болады: 2020 жылы – 5,7 мың км («Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі және т.б.), 2021-2024 жылдары – 5,3 мың км («Қарағанды – Балқаш – Алматы», «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» және т. б.).

Консорциум инвестициясының көлемі 11 жыл қайтару мерзімімен 25 млрд теңгеден асады. Жобаны іске асыру және өзін-өзі өтеу қорытындылары бойынша инфрақұрылыммен ақы алу жүйесі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ атынан мемлекет меншігіне өтеді.

Жоба 500-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға, зияткерлік көлік жүйесі саласындағы отандық компаниялардың құзыретін арттыруға, автомобиль жолдарын сапалы ұстау мен сақтауды қаржыландыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік құралдарының жылдамдық режимін бақылау жүйесімен толық жабу жолымен ондағы апаттылықты азайтуға мүмкіндік береді.

«Теміржол Жөндеу» ЖШС-мен осы стратегиялық жобада құрылыс-монтаж жұмыстарының тұтас спектрі орындалады: кабель төсеу, арка конструкцияларын, аппараттық жабдықтарды орнату және т. б.

Жобаны іске асырудың сәтті басталуын тілейміз!



← Бөлiмге өту