Камкор менеджмент

Жаңалықтар

Жаңа жылды қауіпсіздікті тексеруден бастаймыз

6 қаңтарда «Қамқор» компаниялар тобында өрт қауіпсіздігі бойынша жоспардан тыс оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты - қызметкерлерді өрт кезіндегі жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету: ТЖД бригадаларымен өзара іс-қимыл жасау, жануды сөндіру, адамдарды ғимараттан шығару, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, алғашқы және стационарлық өрт сөндіру құралдарының болуы мен жағдайын тексеру, нормативтік құжаттарды тексеру.

Оқумен елдегі барлық өңірлерде 7000-нан астам адам қамтылды («Қамқор Локомотив» ЖШС, «Қамқор Вагон» ЖШС, «Теміржол жөндеу» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС, «Локомотив-2030» ЖШС, «Камког Serviсе» ЖШС).

Ерекше стратегиялық объект болып табылатын және Қамқор тобы құрамында осындай іс - шараларға алғаш рет қатысатын «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС, сондай-ақ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету нөмірі бірінші міндет болып табылатын «ТЭК – Қазақстан» сауда үйі» ЖШС - отын қоймаларының қатысуын ерекше атап өту маңызды.

Жоспардан тыс оқу-жаттығуларды өткізу Компания қызметкерлерін төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдарға оқыту жөніндегі жылдық жоспардың бір бөлігі болып табылады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және эвакуациялау жоспарларын практикалық пысықтау ұйым персоналын даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олар персоналдың штаттық емес жағдайларға дайындығын бақылаудың негізгі нысаны болып табылады.

Практикалық жаттығу барысында эвакуация жүргізудің дұрыстығы, сондай-ақ ғимараттан адамдарды толық эвакуациялау жүргізілген уақыт бақыланды. Ғимараттан көшірілгеннен кейін барлық көшірілгендердің тізімдік тексерілуі жүргізілді, өрт қауіпсіздігіне жауаптылар ұйымдардың бірінші басшыларына ден қою уақыты, персоналды эвакуациялау толықтығы, шартты жану учаскесіндегі істердің жағдайы туралы баяндалды.

Оқу-жаттығу аяқталғасын адамдарды эвакуациялау және өртті жою кезіндегі іс-қимылдың дұрыстығын бағалау үшін, сондай-ақ объектілердің өрт қауіптілігін төмендетуге ықпал ететін және персоналдың қауіпсіздік деңгейін арттыратын іс-шараларды әзірлеу үшін оқу-жаттығуларды талдау жүргізілді.

Оқу-жаттығудың нәтижелерін талқылау кезінде әрбір қатысушыға қатысты: эвакуациялау жоспарын білу; қойылған міндеттер мен болған процестің мәнін түсіну; шартты өртті эвакуациялау және жою кезіндегі іс-қимылдың дұрыстығы; жіберілген қателіктердің сипаты мен оларды жасау себептері; лауазымдық нұсқаулықтарды, өртке қарсы жабдықтар мен аппаратураны басқару құралдарының орналасқан жерін, алғашқы және стационарлық өрт сөндіру құралдарын, олардың орналасқан жерін және оларды қолдану тәртібін білу; жазатайым оқиғалар мен өрт кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдылары ескерілді.

Қорытынды: оқу-жаттығу сәтті өтті!



← Бөлiмге өту