Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Қамқор Локомотив» компаниясының жылдық есебі қабылданды

9 ақпанда Ақтөбе бас сервис орталығының базасында «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының бас директоры Диас Сүлейменов «Қамқор Локомотив» бірінші басшысы Мұрат Әміровтың және 16 локомотив жөндеу филиалдарының директорларының жылдық есебін қабылдады. Жылдық есепті тыңдауға «Қамқор Магистраль» кәсіподағының төрағасы Светлана Байқадамова қатысты.

«Қамқор Локомотив» ЖШС 2019 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша жылдық тыңдау маңызды оқиға болды: Жылдық есеп қорытындысы бойынша «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының бас директоры Диас Сүлейменов Қамқор Локомотив еңбек ұжымдарының жұмыс нәтижелеріне оң баға берді және 2020 жылдың 2 тоқсанының басынан бастап Локомотив жөндеу кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек ақысының артуы туралы жариялады.

«Қамқор Локомотив» компаниясы 2019 жылы экономикалық дамудың оң динамикасын сақтап, халықаралық нарықтағы өз позициялары мен беделін одан әрі нығайтты.

Компанияның барлық филиалдары өндірістік бағдарламалардың орындалуын, қызмет көрсету саласын кеңейтуді және бизнесті әртараптандыруды қамтамасыз етті.

2019 жылы таза табыс көрсеткішінің өсуі қамтамасыз етілді, рентабельділік көрсеткіші 12.2%-ды құрады.

64 локомотивке күрделі жөндеу жүргізілді, 976 локомотивке техникалық қызмет көрсетілді, 546 локомотивке сервистік қызмет көрсетілді.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, Wabtec корпорациясы және Alstom компаниясымен әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға және кеңейтуге қол жеткізілді.

Бұдан басқа, «бөгде» компаниялардан тапсырыстар қоржынының айтарлықтай кеңеюі атап өтілді.

Компанияның қазіргі басшылығының үлкен маңызды жұмысының нәтижесі «Қамқор Локомотив»-тің «ССКӨБ» АҚ, «Арселор Миттал» АҚ, «Қазмырыш» АҚ және «Қазақмыс» АҚ ірі тау-кен компанияларымен тұрақты және ұзақ мерзімді серіктестігі болды.

Сыртқы ұйымдардан түскен түсім үнемі өсуде және соңғы 5 жылда 1 млрд. теңгеден - 2019 жылы 3.3 млрд. теңгеге жетті, ал бұл компанияның жалпы кірістерінің 10 % - ы болып табылады.

«Қамқор GREEN» бағдарламасымен анықталған энергетикалық және экологиялық тиімділік көрсеткіштері «Қамқор Локомотив» үшін даму мен бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторлары болды.

Осы бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру есебінен отын-энергетикалық ресурстар бойынша айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді, 2019 жылдың қорытындысы бойынша үнемдеу 10% - дан астамды құрады.

2019 жылы «Қамқор Локомотив» еңбек ұжымдарының өндірістің 30-дан астам жаңа технологияларын игеруі маңызды болды, олардың басым бөлігі Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылады.

Өндірістік және басқару үдерістерін оңтайландыру, жаңа технологияларды енгізу бойынша жүргізілген жұмыстың арқасында тартымдық жылжымалы құрамды жөндеудің жаңа түрлері табысты игерілді:

  • ТЭ33А сериялы тепловоздарды күрделі жөндеу – Ақтөбе ЛЖД;
  • СКД6е сериялы маневрлік тепловоздардың СО - 4 көлемінде сервистік қызмет көрсету - Шар ЛЖД;
  • АДМ автомотрисасын күрделі жөндеу - Атбасар ЭЖЗ;
  • ТЭМ2 сериялы маневрлік тепловоздарды күрделі жөндеу –Қарағанды ЛЖД;
  • ЭП3Д жаңа сериясындағы ТҚК – 8 электропойыздарына техникалық қызмет көрсету - Қарағанды ЛЖД;
  • ТЭМ7А сериялы тепловоздардың ТҚК-8 көлемінде техникалық қызмет көрсету –Қазалы ЛЖЗ;
  • KZ8А жүк электровоздарының доңғалақ жұптарын жөндеу және қалыптастыру –Агадырь КЖО;
  • СКД6 сериялы маневрлік тепловоздарға жылу алмастырғышты дайындау (RJ07 типі, жылу беру ауданы 2 ш.м) –Шар ЛЖД.
Негізгі жабдықтарды және үнемді өндірістің инновациялық әдістерін жөндеуде көптеген жаңалықтар енгізілді.

Компания басшылығымен «Қамқор Локомотив»-тің әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға арналған өзгермейтін бағыты атап өтілді, бірінші кезекте бұл - еңбек жағдайын жақсарту.

Жыл сайынғы режимде сервистік орталықтар мен локомотив жөндеу депосын жаңғырту, филиалдардың білдек паркін жаңарту жүзеге асырылады.

Белгіленген жоспарға сәйкес әкімшілік және әлеуметтік-тұрмыстық үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Барлық филиалдар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралармен қамтылған.

Бұл бағытта еңбекті қорғау саласында жарақаттану мен бұзушылықтардың алдын алуға жаңа инновациялық тәсілдерді қамтамасыз ететін Blue Flag, Vision Zero, LOTO жобаларын енгізу маңызды болып табылады.

2019 жылы еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, сондай-ақ Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік пакетті қамтамасыз ету бойынша жұмысқа «Қамқор Локомотив» 1 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсады.

«Қамқор Локомотив» басшылығының білікті қызметкерлерді даярлау бойынша үлкен жұмысы атап өтілді, шығындар сомасы 2019 жылы 100 млн. теңгені құрады.

2019 жылы өндірістік басқарушыларды даярлаудағы маңызды жоба Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетінің магистратурасына «Жобалық Менеджмент» мамандығы бойынша оқуға жіберу болды, магистранттар қатарынан – «Қамқор Локомотив» аймақтық филиалдарының 7 өкілі.

«Қамқор Локомотив» «Lеan Six Sigma» басқару концепциясы компаниялар тобының 35 қызметкерін оқыту және «Қамқор Локомотив» филиалдарының 17 қызметкерін үнемді өндірістің «Жасыл белдеуін» алуға үміткерлер қатарында оқыту маңызды болып табылады.

Бұл жоба Wabtec корпорациясымен бірлесіп жүзеге асырылады.

Тыңдау барысында «Қамқор Локомотив» басшылығы қызметкерлерінің еңбегін материалдық ынталандырудың инновациялық тәсілі атап өтілді, сыйлық берудің жаңа жүйесі жұмыс істейді және өз нәтижелерін береді. Қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыруға жеке қызығушылығы пайда болды.

2018 жылдан бастап «Қамқор Локомотив» компаниясында жұмыс істейтін ай сайынғы сыйақы жүйесіне сәйкес, 2018 жылы сыйақы сомасы 420 млн. теңгені құрады, 2019 жылдың қорытындысы бойынша бұл сома 900 млн. теңгеге жетті.

«Қамқор Локомотив»-тің 2000-ға жуық қызметкері - бұл жастар, жас қызметкерлердің білім, дене, мәдени қалыптасуы мен дамуы маңызды.

Осы бағытта «ТОП 100 – кадрлық резерв», «Алтын Каска» жобалары, жас қызметкерлер арасында кәсіби байқаулар: «Үздік дефектоскопист», «Үздік газэлектрдәнекерлеуші», «Үздік жас маман» және т. б. жобалар белгіленді.

«Өсу сатылары» уәждемелік конкурсы жұмыс істейді, «Динамикалық дамуы үшін» санатында 2019 жылы Қарағандылық локомотив жөндеу депосы жеңімпаз атанды, ол еңбек өнімділігінің ең жоғары көрсеткіштеріне жетті және бизнесті әртараптандыруды қамтамасыз етті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бағалы сыйлықпен маневрлік тепловоздарды жөндеу бойынша бөгде ұйымдарға қызмет көрсету жөнінде құзыреттілік орталығы болған Қазалы локомотив жөндеу зауыты марапатталды.

Тыңдау қорытындысы бойынша, «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының бас директоры Диас Сүлейменов еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, өндірісті стратегиялық дамыту және жаңғырту, бизнесті одан әрі әртараптандыру, «ҚАМҚОР GREEN» жаңа экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру жолдары талқыланды және т. б.

Тыңдау «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің ең қарқынды дамып келе жатқан өндірістік бөлімшелерінің бірі - Ақтөбенің бас сервистік орталығында өтті.



← Бөлiмге өту