Камкор менеджмент

СМИ о нас

«Қазақстан теміржолшысы» № 63, 16 маусым, 2015 жыл

М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері құрылыс жұмыстары жалғасып жатқан Шалқар — Бейнеу жаңа темір жол теліміне келді. Оқу орнының 26 студентінен құралған жасақ 7 апта көлемінде Шалқар станциясында болып, жаңа жолда өндірістік тәжірибеден өтеді

1.jpg

Студенттік құрылыс жасағы Шалқарда

ҚазККА студенттерінен құралған құрылыс жасағының, Қвмқор компаниялары тобындағы «Теміржол жөндеу» ЖШС нысандарына барып жұмыс істеуі, соңғы жылдары дәстірүге айналып отыр. Оқытушылар сөзіне қарағанда, биыл өткен жылға қарағанда үлкен құрылыста тәжірибеден өтуге және жұмыс істеп, ақша табуға тілек білдіргендер саны көп болыпты. Алайда, іріктеуден жасақ командирін қоса есептегенде 27 адам ғана өткен. Олрадың бәрі көлік құрылысы және құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан екінші және ушінші курс студенттері екен. Студенттік құрылыс жзасағы 7-ші маусымнан 12-ші шілдеге дейін өндіріс орнында болмақ. Оларға өмір сүруге қажетті қолайлы жағдай жасалып, медициналық қызмет және тамақпен қамтамасыз етілмек. «Қамқор Менеджмент» ЖШС басшылығы осы уақыт аралығында жастар өз теориялық білімдерін нығайтып қана қоймай, жұмыста да үздік нәтижелер көрсетеді деген сенім артып отыр.

— Студент құрылыс жасақтары алып құрылысқа былтыр келе бастады. Өткен жылы, жасақ командирлерін қосқанда 52 студент Шалқар мен Бейнеу станцияларында еңбек етсе, биыл жол құрылысы факультеттерінің 2 және 3 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтуге келді, — дейді жасақ капитаны, академия қызметкері Ертужан Кулубаев.

Жасақ жетекшісінің айтуында қарағанда, өндірістік тәжірибеден өткен студентерге еңбекақы төленіп, ерекше көзге түскендеріне Алғыс хат беріледі. Алып құрылыста тәжірибеден өту бақыты екінің біріне бұйыра берме"тінін жастар да жақсы түсінеді, сондықтан тым белсенді топ тау қопарардай…

— Шалқар вокзалында бізді салтанатты жағдайда күтіп алды. Құрылыс басында да барлық жағдай жасалған екен. Үш мезгіл тамақ беріледі, жатын орын, жуынатын бөлме бэі бар. Бос уақытымызда волейбол, футбол ойнаймыз. Арасында қалаға шағып тұрамыз. Сондықтан «Теміржол жөндеу» және «Қамқор Менеджмент» компанияларының басшыларына, сонымен бірге өзіміздің оқу орнының ресторатына адғыстан басқа айәтарымыз жоқ. Бұл қамқорлыққа сапалы жұмысымызбен жауап беретін боламыз, — дейді жастар жетекшісі Ертужан.

Шалқардың аптап ыстығына екінің бірі шыдай алмасы анық. Сондықтан, түскі үзіліске құрылыс жасағы сағат 12-00-де шығады. Ал тәуліктің екінші жартысындағы жұмыстар тек 16-00-де жалғасады. Студент жасағына бас-көз болып жүрген «Теміржол жөндеу» ЖШС филиалы — «СМП Шалқар» бас инженері Заңгар Орлов.

Алматыдан Шалқарға алыс сапарға алғаш аттанғандардың бірі 2-ші курс студенті Данияр Махшоев екен.

— Жұмыс күндері перегонға шығамыз. Қиыршық там төсейміз, жол юойында құм аршимыз. Шпал кесеміз. Тоерияны тәжірибемен ұштастырып жатырмыз. Жұмысымыз өзімізге ұнайды, өзімізді кәдімгі теміржолшылардай сезініп жүрміз, — дейді мақтанышпен Данияр.

Ал құрылыс факультетінің 3-курс студенті Абдолла Қасымхан Шалқар станциясына осымен екінші рет келіп отырғандықтан, білетін көбірек.

— Өткен жылға қарағанда көп өзгкріс болғанын бірден байқадым. Осындай маңызды жоба құрылысына өз үлесімді қосып жатқаныма өте қаунумын. Былтыр Тассай станциясында болдық. Биыл станция басында базада жатырмыз. 8 сағаттық жұмыс кестесі, демалыс кұндері тынығамыз. Қолымыз боста дойбы, шазмат ойнаймыз, біреулер кітап оқиды, тағы біреулері доп тебеді. Қысқасы, зерігетін уақыт жоқ, — дейді ол.

— Студентеттердің құрылыс жасағын қайта жандандырған ҚазККА мен «Қамқор Менеджмент» ЖШС тәжірибесі көпке үлгі. Мұндай ұрдістің екі тарапқа да берері мол. Жастарға алғашында қауіпсіздік техниксы бойынша дәрістер оқыдық. Жол бойында сақтық шараларын керектігі жөнінде нұсқаулықтар жасалды. Қанша дегенмен, темір жол бойы қауіпті аумақ саналады, сондықтан қауіпсіздік қағидарларын қатаң сақтау — бірінші кезекте талап етіледі. Және жастардың қасына екі жол шеберін бекіттік, — дейді «Теміржол жөндеу» ЖШС филиалы — «СМП Шалқар» диреторы Сәкен Рахметов.

Құрылыс басшысының сөзіне біз-де толық қосылдық. «Қамқор Менеджмент» ЖШС мен ҚазККА басшылығы арасындағы келісімге сәйкес қайта жанданған ҚТЖ бастамасы көпке үлгі болса, аудиториядан шықпаған студенттердің құрылыс жасақтары үшін мұндай өндірістік тәжірибенің берері ұшан-теңіз екені сөзсіз.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтобе — Шалқар



← Назад в раздел