Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Қамқор Вагон» ЖСШ филиалдарында сенбілік өткізілді

«Қамқор Вагон» ЖШС-нің барлық филиалдарында дәстүрлі көктемгі сенбілік басталды!

Ерікті еңбек мерекесі аясында «ҚАМҚОР GREEN» бағдарламасы бойынша Шалқар мен Қазалы моноқалаларында ұйымдастырылған аллеялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар, аумақтары ретке келтіріліп, тазартылды.

Вагон жөндеу кәсіпорындарының бригадалары жалпы аумағы 30 000 шаршы метрден асатын филиалдар мен аллеялардың аумақтарын тазарту жұмыстарын жүргізді, ағаштар мен бордюрлар әктелді, орындықтар мен қоқыс жәшіктері боялды, ағаштардың, көшеттер мен гүлзарлардың топырағы қопсытылып, суарылды.

Дәстүрлі сенбілікке компанияның 500-ден астам қызметкерлері белсенді қатысты.



← Бөлiмге өту