Камкор менеджмент

Жаңалықтар

«Теміржол жөндеу» ЖШС бойынша сәуір айының жоспары асыра орындалды.

Жоспарланған 22,7 км орнына 25,8 км іске асырылды, пайызға шаққанда 114% құрады.

Сондай-ақ, сәуір айында 63 мың м3 көлемінде қиыршық таспен балласт жасалды және қосымша 25,2 км жаңа рельс пен шпал торларын тігілді.

Барлығы, Серіктестіктің Астана, Бірлік және Ақтөбе ЖМС-ры, үш филиалдарының күштерімен РШТ төсеу 37 км көлемінде орындалды.

Мамыр айына жоспарланған көлемді екі есеге арттыру міндеті қойылды!

Теміржол жөндеу жұмысшыларына өнімді еңбектері мен максималды қайтарымы үшін алғысымызды білдіреміз!



← Бөлiмге өту